«Шахтер» футбол клубы Александр Кузнецовпен қоштасты
«Шахтер» футбол клубы бас бапкер міндетін атқарған Александр Кузнецовпен қоштасты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы қарағандылық клубтың баспасөз қызметі ресми түрде мәлімдеді.
Кузнецов биыл маусым айында уақытша бас бапкер қызметіне тағайындалған болатын. Оған дейін ол Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасын жаттықтырды.
Биылғы маусымда «Шахтер» Бірінші лигада 4-орын алып, Қазақстан Премьер-лигасына қайта оралу мүмкіндігін жіберіп алды. Еске салайық, клуб өткен жылы тарихында алғаш рет жоғары лигадан түсіп қалған еді.
Айта кетейік, қарағандылық клуб — Қазақстанның екі дүркін чемпионы (2011, 2012), сондай-ақ 2013 жылы ел Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алған.
ҚФФ техникалық даму комитеті құрылды
Қазақстандық футболшының командасы аутсайдерді жеңе алмады
Андрей Ферапонтов Словакия мен Молдоваға қарсы ойындарға қатысты пікір білдірді