«Барыс» ойыншысы ҚХЛ-дағы 50-ші матчын өткізді

«Барыс» ойыншысы ҚХЛ-дағы 50-ші матчын өткізді

Қазақстандық хоккейші Семён Симонов «Барыс» сапында ҚХЛ-дағы 50-ші матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кеше өткен «Металлургке» қарсы кездесу Семён Симонов үшін Құрлықтық хоккей лигасындағы 50-ші матч болды. Бұл ойындардың барлығын жас қазақстандық шабуылшы «Барыс» құрамында өткізді. Оның қоржынында 7 соғылған шайба, 6 нәтижелі пас, тиімділік көрсеткіші +1 бар. Сондай-ақ ол 23 күштік әдіс жасап, 27 соққыны тосқан. Мұз үстіндегі орташа уақыты 12 минут.

Айта кетейік, кешегі өткен кездесуде 1:4 есебімен «Металлург» клубы жеңіске жеткен еді.

«Барыс» өз алаңында «Металлургтен» жеңіліп қалды

«Барыс» — «Автомобилист» матчына бейнешолу

Қазақстандық қақпашы қатысқан Канададағы матчта он шайбы соғылды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или