Астана қаласында пара дзюдодан Азия чемпионаты өтті
7-9 қараша күндері аралығында Астана қаласында пара дзюдодан Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
9 мемлекеттің татами шеберлері қатысқан айтулы додада J1 және J2 санаттары бойынша 16 жүлде жиынтығы сарапқа салынды.
Сары құрлық додасында біздің спортшылар 7 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль еншілеп, жекелей сайыстар бойынша жалпы есепте бірінші орынға жайғасты.

Ерлер және әйелдер құрамасы да командалық сайыста жеңімпаз атанды.
Ерлер құрамасы Моңғолия, Таиланд және Өзбекстан құрамаларын жеңіп алтыннан алқа тағынды.
Ал әйелдер құрамасы жарыс жолында Таиланд пен Өзбекстан құрамасын тізе бүктірді.
Айта кетейік, екі жылдан кейін елорда төрінде ұйымдастырылған сары құрлық додасында Қазақстан құрамасы атынан 22 спортшы жүлдеге таласты.
Қазақстандық пара дзюдошы Азия чемпионатында топ жарды
Семейде дзюдодан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді
Дзюдодан Қазақстан құрамасы жасөспірімдер Азиадасын 14 медаль еншіледі