Самбодан өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші орынға тұрақтады

Самбодан өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші орынға тұрақтады

Қырғызстан астанасы Бішкекте самбодан ересектер арасындағы 50-ші әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шешуші жарыс күні Ұлттық құрама сапындағы 6 спортшымыз жүлдегер атанды. Спорттық самбодан Еркебұлан Негметов (-79 кг) финалға шығып, аса шиеленісті өткен жекпе-жекте FIAS1 командасының өкіліне есе жіберді. Сондай-ақ 5 отандасымыз қола медаль жеңіп алды. Олар:

  • Мадина Ержан (-80 кг, спорттық самбо)
  • Арман Тұрымбетов (-58 кг, жауынгерлік самбо)
  • Талғат Жиентаев (+ 98 кг, жауынгерлік самбо)
  • Жадыра Пайыз (-50 кг, жауынгерлік самбо)
  • Нурила Асанқызы (+80 кг, жауынгерлік самбо)

Қазақстан құрамасы биылғы бәсекеде 2 алтын, 2 күміс және 8 қола жүлденің арқасында жалпыкомандалық есепте 2-орын алды.

Қорытынды кесте:

  • 1. FIAS1 (21 алтын, 2 күміс, 5 қола)
  • 2. Қазақстан (2 алтын, 2 күміс, 8 қола)
  • 3. Қырғызстан (2 алтын, 1 күміс және 2 қола)
  • 4. Моңғолия (2 алтын, 6 қола)
  • 5. Украина (2 алтын, 6 қола)
  • 6. Молдова (1 алтын, 1 қола)

Былтыр Астана қаласында өткен әлем чемпионатында Қазақстан жалпы есепте 3 алтын, , 5 күміс, 9 қола медаль алып, 2-орыннан көрінген.

2026 жылғы самбодан әлем чемпионаты Өзбекстанның Самарқан қаласында өтеді.

Маңғыстаулық параспортшылар несие алуға мәжбүр болған

Тарихи жеңіс: қазақстандық автокоманда әлем чемпионы атанды

Исламиада-2025: төрт қазақстандық жүзгіш жартылай финалға жолдама алды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или