Ла Лига: «Барселона» сырт алаңда жеңіске жетті
Испания футбол чемпионатының 12-ші турында «Барселона» сырт алаңда «Сельта Вигоны» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Вигодағы матч қонақтардың пайдасына 4-2 есебімен аяқталды. Қонақтар сапынан Роберт Левандовски (10, 37 және 73-минуттар) мен Ламин Ямаль (45+4) гол соқты. Алаң иелері сапынан Серхио Каррейра (11) мен Борха Иглесиас (43) гол соқты. «Барселонаның» ойыншысы Френки де Йонг матч соңында алаңнан қуылды.
«Барселона» Ла Лигада 28 ұпаймен екінші орында, көшбасшы «Реал Мадридтен» үш ұпайға қалып тұр. «Сельта Виго» 13 ұпаймен 13-ші орында.
«Манчестер Сити» өз алаңында «Ливерпульді» ірі есеппен жеңді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или