Қазақстандық спортшы әлем кубогы кезеңінде екінші алтын медалін жеңіп алды

Қазақстандық спортшы әлем кубогы кезеңінде екінші алтын медалін жеңіп алды

Қазақстандық шорт-трекші Богдан Вехов қазір Астанадағы «Алау» мұз айдынында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңінде қатарынан екінші алтынды жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Вехов 1000 метрге жүгіріп, 1:25,623 көрсеткішпен жеңіске жетті. Күміс медальді қытайлық Ванг Тиан алды (1:25,723), қола медаль оңтүстік кореялық Джо Джахиға (1:25,873) бұйырды.

Бұған дейін жас қазақстандық 1500 метрді бағындырып, әлем кубогы кезеңінде қатарынан екінші алтын медалін жеңіп алған болатын.

Тарихи жеңіс: қазақстандық автокоманда әлем чемпионы атанды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или