Қазақстандық спортшы Ислам ынтымақтастығы ойындарының екі дүркін қола жүлдегері атанды

Қазақстандық спортшы Ислам ынтымақтастығы ойындарының екі дүркін қола жүлдегері атанды

Қазақстандық жүзгіш Айбат Мырзамұратов Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында екінші қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандасымыз бір жарыс күнінде екі финалда да сәтті өнер көрсетті.

Бұл жолы ол 100 метрге брасс әдісімен жүзуден үшінші нәтиже көрсетіп, қола медальға ие болды. Айбат қашықтықты 01:02.11 уақыт көрсеткішімен жүзіп өтті.

Түркиялық Хуссейн Сакчи (01:01.26) жарыс жеңімпазы атанса, ал тағы бір түркиялық спортшы Нурсат Аллахверды (01:01.75) күмістен алқа тақты.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық спортшы 200 метрге кешенді жүзуде үшінші орын алған еді.

Тарихи жеңіс: қазақстандық автокоманда әлем чемпионы атанды

Исламиада-2025: тағы төрт қазақстандық жүзгіш жартылай финалға жолдама алды

Үш қазақстандық спортшы Ислам ынтымақтастығы ойындарының жартылай финалына шықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или