Пауло Рикардо Кака ресейлік клубтың тізгінін ұстайды
Қазақстан футзал құрамасының бұрынғы бас бапкері Пауло Рикардо Кака мансабын қайда жалғастыратыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Futsal Kazakhstan парақшасына сілтеме жасап.
«Пауло Рикардо Кака келесі жұмыс орнын Ресей Суперлигасының «ИрАэро» клубында жалғастырады. Қазақстан құрамасының экс-бас бапкері қазір Иркутскіде, онда ертең финалдық кездесу өтеді, және тараптар сол жерде келісімшартқа отырмақ», - деп жазады дереккөз.
Естеріңізге сала кетейік, Пауло Рикардо Кака Қазақстан футзал құрамасын 2018 жылдан бастап басқарған. Сонымен қатар, 2018-2023 жылдары ол Алматының «Қайрат» клубын жаттықтырған еді. 48 жастағы маманның бапкерлік мансабында сондай-ақ Әзербайжанның «Нефтчи» және Ресейдің «Газпром-Югра» клубтары болған.
Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака қызметінен кетті
Ел біріншілігі: «Семей» қарсылас қақпасына сегіз гол соқты (видео)