«Зенит» қонақта «Крылья Советовты» жеңе алмады

«Зенит» қонақта «Крылья Советовты» жеңе алмады

«Зенит» РПЛ-дің 15-турында «Крылья Советовты» қонақта жеңе алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын Самарада өтті және 1:1 есебімен аяқталды.

Алаң иелерінен Фернандо Костанца гол соқты, қонақтар Максим Глушенковтің голымен жауап берді.

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Петербург командасының бастапқы құрамында шықты, бірақ үзілісте өз орнын Юрий Горшковқа босатты.

«Зениттің» еншісінде 30 ұпай бар, Сергей Семактың клубы Ресей чемпионаты кестесінде 3-орында тұр. «Крылья Советов» 14 ұпаймен плей-офф аймағында орналасқан және РПЛ-де 14 қыркүйектен бері жеңіске жете алған жоқ.

Себаи – «Қызылжардағы» болашағы туралы: мұнда қалатыныма сенімді емеспін

ҚФФ техникалық даму комитеті құрылды

Андрей Ферапонтов Словакия мен Молдоваға қарсы ойындарға қатысты пікір білдірді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или