Тимур Кападзе Ұлттық құрамадан кетті
Танымал өзбек маманы Тимур Кападзе Ұлттық құрамадан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Championat.Asia басылымының мәліметінше, 44 жастағы бапкер командамен бірге алдағы БАӘ-дегі турнирге бармайды.
Өзбекстан футбол қауымдастығы (УФА) ынтымақтастықты тоқтату туралы шешім қабылдады.
Еске сала кетейік, қазан айының басында ұлттық құраманың бас бапкері болып екі жылдық келісімшартқа қол қойған Фабио Каннаваро тағайындалған еді. Бұған дейін әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бас бапкер міндетін атқарушы ретінде команданы сәтті басқарған Кападзе италиялық маманның штабына көмекші ретінде қосылған болатын, алайда енді жобадан кетіп отыр.
«Челси» АПЛ кестесінде екінші орынға көтерілді
MLS: Месси «Интер Майамиді» ширек финалға алып шықты
«Реал» Винисиусты €150 млн-ға бағалады — бразилиялық ойыншы АПЛ-ға көшуі ықтимал