ATP турының Қорытынды турниріне қатысатын құрам белгілі болды

ATP турының Қорытынды турниріне қатысатын құрам белгілі болды

9–16 қараша аралығында Италияның Турин қаласында өтетін ATP Қорытынды турнирінің қатысушыларының толық құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кеше, 8 қараша күні, 24 дүркін «Үлкен дулыға» турнирлерінің чемпионы сербиялық Новак Джокович жарысқа қатысудан бас тартты.

Джимми Коннорс тобы: Карлос Алькарас (Испания), Тейлор Фриц (АҚШ), Алекс де Минор (Австралия), Лоренцо Музетти (Италия).

Бьорн Борг тобы: Янник Синнер (Италия), Александр Зверев (Германия), Бен Шелтон (АҚШ), Феликс Оже-Альяссим (Канада).

2024 жылғы қорытынды турнирдің жеңімпазы – қазіргі әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнер. Ол финалда америкалық Тейлор Фрицті 6:4, 6:4 есебімен ұтқан болатын.

Рыбакина WTA Қорытынды турнирінде қанша миллиард теңге тапты?

Рыбакина WTA Қорытынды турнирінде үздік шықты

19 жастағы қазақстандық теннисші АҚШ-тағы жарыста үшінші кезеңге өтті

Теннис аңызы қазақстандық спортшыға қолдау көрсетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или