Аян Тұрсын октагонға оралып, қарсыласын бірінші раундта тоқтатты
Алматыда өткен OCTAGON 81 турнирінде кештің теңбасты жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Минималды салмақтағы чемпиондық белбеуден күтпеген жерден айырылғаннан кейін, қазақстандық ММА үміті Аян Тұрсын (7-1) октагонға қайта оралды.
Жекпе-жектің алғашқы секундтарынан-ақ Аян басымдық танытып, қарсыласына үздіксіз шабуыл жасады. Бірінші раундтың ортасында Тұрсынның дәл және қуатты соққылары қарсыласын қорғаныссыз қалдырып, төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Нәтижесінде Аян Тұрсын техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Бұл сенімді жеңістен кейін қазақстандық спортшы Қырғызстаннан шыққан қазіргі чемпионмен реванш өткізуге дайын екенін мәлімдеді.
OCTAGON 80 турнирінің ресми серіктесі — компаниясы
OCTAGON 80 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON 80 турнирінің бас серіктесі — UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 81 турнирінде өзбек спортшысы Камолов алғашқы раундта жеңіске жетті
OCTAGON 61 турнирінде өзбек файтері техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыда өткен OCTAGON 81 турнирінде алғашқы жеңімпаз анықталды