Махачев UFC-де екінші титул үшін жекпе-жек өткізуді мақсат етіп отыр

Махачев UFC-де екінші титул үшін жекпе-жек өткізуді мақсат етіп отыр


Жеңіл салмақтағы (70 кг дейін) бұрынғы UFC чемпионы, 34 жастағы ресейлік Ислам Махачев мансабын екінші белбеу жеңіп алмай тұрып аяқтамайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Тұңғыш рет титул үшін айқасқа шыққан сәтім әлі есімде. Сол эмоцияны қайта сезінгім келеді. Қазір бабымда тұрмын және бұл спорттан екінші белбеусіз кеткім келмейді», — деді Махачев UFC баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Махачевтің кәсіби рекорды — 27 жеңіс және 1 жеңіліс. Оның 18 жеңісі мерзімінен бұрын аяқталған. Қазіргі уақытта ол 15 жекпе-жектен тұратын жеңіс сериясын жалғастырып келеді. Ислам Махачев кәсіби аренасында 2010 жылдың тамыз айында дебют жасаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или