Елордалық «Барыс» өз алаңындағы матчтың анонсын жариялады
«Барыс» ұзаққа созылған өз алаңындағы ойын сериясын чемпионат көшбасшысы «Металлургқа» қарсы ойынмен аяқтайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Магнитогорлықтар Қиыр Шығысқа сәтті сапар жасап, жеңіс сериясын үш матчқа дейін ұзартты. Жұма күні «Металлург» Хабаровскіде «Амурды» 3:1 есебімен ұтты. Дмитрий Силантьев, Роман Канцеров және Руслан Исхаков мергендік есебін толықтырды. Қақпашы Александр Смолин қақпаға бағытталған 28 соққыны қайтарды. Бас бапкер Андрей Разин жеңісті ойынның мықты басталуымен және команданың шешуші сәттерде тапсырманы нақты орындағанымен түсіндірді.
24 матчтың қорытындысы бойынша «Металлург» 38 ұпай жинады. Команда осы маусымдағы ең нәтижелі ұжым болып саналады (92 шайба). Владимир Ткачёв (4+24) – қазіргі таңда Лиганың үздік бомбардирі. Роман Канцеров (15 шайба) – чемпионаттың басты снайпері. Шабуылшы Андрей Козлов жарақат алған ойыншылар қатарында.
«Барыс» өткен турда өз жеңілістер сериясын тоқтатып, овертаймда «Автомобилисті» 3:2 есебімен жеңді. Дінмұхамед Қайыржан қатарынан үшінші ойында шайба соқты. Сондай-ақ Мэйсон Морелли мен Тайс Томпсон көзге түсті. Астаналықтардың жаңа ойыншысы Макс Уиллман екі нәтижелі пас берді. Майкл Веккьоне мен Райли Уолш команданың ішкі бомбардирлер жарысында теңесті (екеуінде де 7+12). Қақпашы Андрей Шутов 22 сейв жасады. Бас бапкер Михаил Кравец ойыншыларының тапсырманы орындауына риза екенін айтты. Қазір «Барыстың» қоржынында 25 матчтан кейін 21 ұпай бар.
«Барыс» – «Металлург» матчы Астана уақытымен 17:00-де басталады.
Қазақстандық қақпашы қатысқан Канададағы матчта он шайбы соғылды
«Барыс» — «Автомобилист» матчына бейнешолу