Бейбарыс Зановтың жекпе-жегін дәрігер тоқтатты
Алматыда өткен OCTAGON 81 турнирінің негізгі кардындағы алғашқы жеңімпаз белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Наилегчай салмақта қырғыз спортшысы Актилдек Бахтияр уулу (3-0) мен қазақстандық Бейбарыс Занов (3-2) октагонға шықты. Алғашқы раундта Бахтияр уулу басымдық танытты, ал екінші раундта дәрігер жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды — Зановтың беті қатты жарылып кеткен еді. Нәтижесінде қырғыз файтері мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде Қырғызстанның жаңа чемпионы Фарида Абдуева (5-1) бразилиялық Силвания Монтейромен (11-4) белбеуін қорғайды. Ал ко-мейн ивентте қазақстандық Аян Тұрсын (7-1) қырғыз спортшысы Динара Жолчубайқызымен (3-2) кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или