Махачев екінші белбеу үшін Джек Делла Маддаленамен жекпе-жекке шығады
Жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы, 34 жастағы ресейлік Ислам Махачев енді екі салмақ дәрежесінде чемпион атануды мақсат етіп отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол 77 келіге дейінгі салмақтағы белбеу иегері, австралиялық Джек Делла Маддаленамен жекпе-жек өткізуге келісім берді.
«Жастайымнан әлемнің үздігі боламын деп ойлаған емеспін. Бірақ айналамдағы адамдар үнемі “Тек жаттыға бер — сен чемпион боласың” деп айтатын. Мен өмір бойы соған дайындалдым. Өзіме дейін көп адам жетпеген жетістікке жеттім. Барлық қарсыластарым мықты болатын, ешқайсысы оңай болған жоқ.
UFC чемпионы атанған соң алға жылжу керек. Мен жеңіл салмақта өз міндетімді орындадым. Енді мақсатым — екінші белбеу. Мен оған әбден лайықпын», — деді Махачев UFC баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Аян Тұрсын OCTAGON 81 турнирінде техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Сержан Сапарғалиевтің жекпе-жегі тең нәтижемен аяқталды
Ислам Махачев мансабын екінші белбеусіз аяқтағысы келмейді