Елена Рыбакина WTA Финал турнирінде тарих жасады

Елена Рыбакина WTA Финал турнирінде тарих жасады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA №6) Эр-Риядта өткен WTA 2025 маусымының қорытынды турнирінде топ жарып, әлем теннисі тарихына атын жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда Елена әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболeнканы 7:5, 7:6 (7:0) есебімен ұтып, тарихтағы ерекше нәтижеге қол жеткізді. Екінші сеттегі тай-брейк WTA Финал турнирінің тарихында алғаш рет «құрғақ» 7:0 есебімен аяқталды.

Рыбакина бұл турнирде бірде-бір кездесу ұтылмай, қатарынан бес жеңіс тіркеді. Осы жетістігі арқылы ол әйелдер теннисі тарихындағы ең ірі жүлде сомасын — 5,235 миллион доллар (шамамен 2,75 миллиард теңге) иеленді.

Эр-Риядта өткен турнир барысында Елена Аманда Анисимова (№4), Ига Швентек (№2), Екатерина Александрова (№10) және Джессика Пегуланы (№5) тізе бүктірді. Бұл жеңіс Рыбакина мансабындағы алғашқы Финал турнирінің титулы болып, оның есімін әлемдік WTA тарихында ерекше орынға шығарды.

19 жастағы қазақстандық теннисші АҚШ-тағы жарыста үшінші кезеңге өтті

Теннис аңызы қазақстандық спортшыға қолдау көрсетті

Қазақстандық теннисші Мысырдағы турнирдің ширек финалына шықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или