Рыбакина WTA Қорытынды турнирінде үздік шықты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 6-шы орында) Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен 2025 жылғы WTA Қорытынды турнирінің финалында беларусьтік Арина Соболенкомен (1-ші орында) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын 6-3, 7-6 есебімен жеңді.
Еске сала кетейік, топтық кезеңде Елена Рыбакина америкалық Аманда Анисимованы (4-ші орын) 6:3, 6:1, поляк Ига Швентекті (2-ші орын) 3:6, 6:1, 6:0 және ресейлік Екатерина Александрованы (10-шы орын) 6:4, 6:4 есебімен жеңді.
Жартылай финалда тағы бір америкалық теннисші Джессика Пегуланы (5-ші орын) 4:6, 6:4, 6:3 есебімен ұтып, жарыс жолынан шығарды.
19 жастағы қазақстандық теннисші АҚШ-тағы жарыста үшінші кезеңге өтті
Теннис аңызы қазақстандық спортшыға қолдау көрсетті
Қазақстандық теннисші Мысырдағы турнирдің ширек финалына шықты