Бразилиялық маман Қазақстан құрамасымен қош айтысты

Бразилиялық маман Қазақстан құрамасымен қош айтысты


Қазақстан футбол федерациясы Қазақстанның футзалдан ұлттық құрамасының бас бапкері Паулу Рикардо Фигейро Силвамен (Кака) ынтымақтастықты тоқтатқанын хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бразилиялық маман 2018 жылдан бері ұлттық құраманы жаттықтырып, осы уақыт аралығында еліміздегі футзалдың дамуына зор үлес қосты және Қазақстанның халықаралық беделін нығайтты.

Каканың жетекшілігімен Қазақстан құрамасы Еуропа мен әлемнің үздік командалары қатарына тұрақты еніп, ойын тәртібі мен тактикалық дайындық жағынан жоғары деңгей көрсетті. 2021 жылы Литвада өткен әлем чемпионатында команда тарихи жетістікке жетіп, алғаш рет жартылай финалға шығып, төртінші орын алды. Бұл нәтиже – қазақстандық футзал тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.

Кейінгі жылдары да құраманың нәтижесі тұрақты болды. 2022 жылы Еуропа чемпионатында плей-офф кезеңіне жолдама алып, одан соң 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеуден өтті. Өзбекстанда өткен додада Қазақстан әлемнің үздік сегіз құрамасы қатарына кірді.

Кака бапкер болған кезеңде ұлттық құраманың әлемдік рейтингтегі көрсеткіші рекордтық деңгейге жетті. Ол бірнеше рет «жылдың үздік бапкері» атағына ұсынылып, 2023 жылы спорттың дамуына қосқан еңбегі үшін «Достық» орденінің II дәрежесімен марапатталды.

Футзалдан Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі өтті

Қазақстан чемпионаты: Бесінші тур ойындарының тікелей трансляциясы

Ел біріншілігі: «Семей» қарсылас қақпасына сегіз гол соқты(видео)


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или