«Реал» Винисиусты €150 млн-ға бағалады — бразилиялық ойыншы АПЛ-ға көшуі ықтимал
Мадридтік «Реалдың» вингері Винисиус Жуниор клубтан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz El Chiringuito TV басылымына сілтеме жасап.
Дереккөз мәліметінше, 25 жастағы бразилиялық футболшының жаңа келісімшарты бойынша келіссөздер тұйыққа тірелген. «Реал» ойыншыны €150 миллионға бағалап, бұдан арзанға сатпақ емес.
Өз кезегінде Винисиус мансабын жалғастырудың түрлі нұсқаларын қарастыруда. Оның басты мақсаты – Ағылшын Премьер-лигасында ойнау. Футболшы жоғары деңгейдегі бәсекеде қалғысы келеді және Сауд Арабиясына ауысуды жоспарламайды. Бұған дейін оған «Манчестер Юнайтед» қызығушылық танытқаны хабарланған.
Қазіргі маусымда Винисиус «Реал» сапында 14 матч өткізіп, 5 гол және 4 нәтижелі пас берді.
«Ливерпуль» екі ойыншымен келісімшарт мерзімін ұзартады
«Тоттенхэм» — «Манчестер Юнайтед» матчының тікелей трансляциясы