Лионель Месси: «Әлем чемпиондығын жеңу – өмірімдегі ең ерекше сезім»
Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси 2022 жылғы әлем чемпионатындағы тарихи жеңіс жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қатарда өткен финалда Аргентина құрамасы Францияны пенальти сериясында (3:3, 4:2) тізе бүктірген еді.
«Әлем чемпионатын ұтқан сәттегі сезімім балаларымның туғандағы қуанышымен тең. Мұндай сезімді сөзбен жеткізу қиын – ол өте ерекше әрі орасан зор.
Бұл жеңіс – менің мансабымдағы ең биік жетістік. Одан кейін тілейтін арман да қалмайды. Бұл титул менің өзім, отбасым, командаластарым және бүкіл Аргентина үшін қаншалықты маңызды екенін сөзбен сипаттау мүмкін емес.
Бүкіл ел бірге қуанды. Барлығы осы жеңісті ұзақ үзілістен кейін қайта сезінгісі келді. Мен клубтық және жеке деңгейде бәріне қол жеткіздім, ал әлем чемпиондығы – мансабымды толық ететін соңғы жетістік болды», — деді Месси All About Argentina басылымына.
«Ливерпуль» екі ойыншымен келісімшарт мерзімін ұзартады
«Тоттенхэм» — «Манчестер Юнайтед» матчының тікелей трансляциясы