«Тоттенхэм» Родриго мен Йылдызды қатар алу мүмкіндігін қарастыруда

«Тоттенхэм» Родриго мен Йылдызды қатар алу мүмкіндігін қарастыруда

Лондондық «Тоттенхэм» шабуыл шебін күшейтуді жоспарлап, мадридтік «Реалдың» вингері Родриго Гоэс пен «Ювентус» шабуылшысы Кенан Йылдызды қарастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz TEAMtalk порталына сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, клубтың солтүстік Лондондағы иелері — ENIC Group — алдағы трансферлік кезеңдерде айтарлықтай қаражат бөлуге дайын. Алайда «шпорлар» үшін бәсеке жоғары: Родригоға «Манчестер Сити» мен «Ливерпуль», ал Йылдызға «Арсенал» мен «Челси» қызығушылық танытып отыр.

Қазіргі маусымда Родриго «Реал» сапында 15 матч өткізіп, 3 нәтижелі пас берсе, Йылдыз «Ювентус» құрамында 17 кездесуде 6 гол және 6 ассист тіркеген.

«Ливерпуль» екі ойыншымен келісімшарт мерзімін ұзартады

«Тоттенхэм» — «Манчестер Юнайтед» матчының тікелей трансляциясы

Эрлинг Холанд Гвардиола жайлы пікірін айтты



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или