Маккинни GTA 6 туралы жаңалыққа өмірлік оқиғасымен жауап берді

Маккинни GTA 6 туралы жаңалыққа өмірлік оқиғасымен жауап берді

UFC файтері Терренс Маккинни GTA 6 ойынының шығу мерзімі кейінге шегерілгені туралы жаңалыққа өз көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін танымал ойынның мамырда емес, 2026 жылдың қарашасында шығатыны хабарланған болатын.

«GTA 5 шыққанда менің жасым 19-да еді. Сол уақыттан бері мен артық дозадан екі рет өліп, өмірге қайта оралдым, есірткіден бас тартып, күреспен айналысып, кейін ММА-ға келдім, UFC-ге өтіп, бірнеше қарсыласымды рекордты жылдамдықпен нокаутқа түсірдім. Қазір де сол еңбекті жалғастырып келемін. Енді ештеңеге таңғалмаймын», – деп жазды Маккинни әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, 2015 жылы Маккинни ЛСД, галлюциногендік саңырауқұлақ және алкоголь қоспасынан улану салдарынан екі рет жүрегі тоқтап, өлім аузынан аман қалған.

Қазір оның кәсіби рекорды 17 жеңіс және 7 жеңіліс. Соңғы жекпе-жегінде ол ресейлік Вячеслав Борщевті мерзімінен бұрын жеңген.

Бұрынғы UFC файтері Brave FC 100 турнирінде қарсыласын нокаутқа түсірді

OCTAGON 81 турнирінде қазақ пен өзбек файтерлері кездеседі

Бұрынғы UFC чемпионы Махачевті тарихтағы ең табысты жеңіл салмақ өкілі деп санайды



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или