Үш қазақстандық спортшы Ислам ынтымақтастығы ойындарының жартылай финалына шықты
Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындары аясында жүзу жарыстары басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Қазақстан құрамасынан үш спортшы жартылай финалға өтті.
Ерлер арасында Әділбек Мусин өз іріктеу кезеңінде бірінші болып келсе, Максим Сказобцов екінші нәтижемен мәреге жетті.
Ал Софья Сподаренко алдын ала кезеңде үздік нәтиже көрсетті.
Айта кетейік, жартылай финалдық жарыстар 8 қарашада өтеді.
Қазақстандық команда беделді халқаралық автожарыста екінші орын алды
Семейде дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді
Қазақстандық спортшылар Ислам ынтымақтастығы ойындарында сынға түсті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или