Эрлинг Холанд Гвардиола жайлы пікірін айтты

Эрлинг Холанд Гвардиола жайлы пікірін айтты

«Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд команда бапкері Хосеп Гвардиола туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Euro-football.ru-ға сілтеме жасап.

Норвегиялық жексенбі күнгі Премьер-Лиганың «Ливерпульге» қарсы ойыны алдында испаниялық бапкердің жұмысы туралы ой қозғады.

«Гвардиола - данышпан. Оның ұдайы жеңіске жетуі ғажап емес – мұның бәрі оның қажырлы еңбегі мен жанқиярлығының арқасында. Оның клуб үшін және бүкіл мансабы үшін жасағаны керемет. Бұл бірге жұмыс істеу: біз оның айтқанын тыңдауымыз, оның нұсқауларын орындауымыз және жоғары деңгейде ойнауымыз керек. Ол бұған лайық», — деп келтіреді журналист Джек Гаган Холандтың сөзін.

Бельгия құрамасы Қазақстанға қарсы ойынға шақырту алған құрамын жариялады

Қазақстан – Бельгия матчының билеттері толық сатылып кетті

Қазақстан ұлттық құрамасының Бельгияға қарсы құрамы белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или