Елена Рыбакина алғаш рет WTA Қорытынды турнирінің финалына шықты
Жұма күні Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA Қорытынды турнирінің жартылай финалдық кездесулері өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Елена алғаш рет Қорытынды турнирдің жартылай финалына шықты.
Жартылай финалда Елена Рыбакина америкалық Джессика Пегуламен кездесіп, үш сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті — 4:6, 6:4, 6:3.
Финалда Рыбакина Беларусь спортшысы Арина Соболенко мен америкалық Аманда Анисимова арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Еске сала кетейік, топтық кезеңде Елена үш жеңіске жеткен болатын. Алдымен Аманда Анисимованы 6:3, 6:1 есебімен, польшалық Ига Швентекті 3:6, 6:1, 6:0 есебімен және ресейлік Екатерина Александрованы 6:4, 6:4 есебімен жеңген еді.
19 жастағы қазақстандық теннисші АҚШ-тағы жарыста үшінші кезеңге өтті
Теннис аңызы қазақстандық спортшыға қолдау көрсетті
Қазақстандық теннисші Мысырдағы турнирдің ширек финалына шықты