«Барыс» ҚХЛ матчында «Автомобилист» командасын жеңді

«Барыс» ҚХЛ матчында «Автомобилист» командасын жеңді

Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында «Барыс» өз алаңында «Автомобилист» клубын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барыс» Шығыс конференциясының турнир кестесінде 19 ұпаймен тоғызыншы орында тұр. Ал Екатеринбург командасы 30 ұпаймен төртінші орында келеді.

Кестедегі айырмашылыққа қарамастан, кездесуді белсендірек бастаған – алаң иелері.

Астаналықтардың жас әрі дарынды шабуылшысы Дінмұхаммед Қайыржан өз айдынының жартысынан әдемі дриблинг жасап, қонақтар қақпашысын айласымен қапы қалдырды. Бұл шабуылдың бастаған Макс Уиллман болды – 24-минутта есеп 1:0 (артық құрамды пайдалану).

Бес минут өткен соң америкалық форвард Мэйсон Морелли есепті 2:0-ге жеткізді. Ол қарсыластың қақпашысымен жеке шығып, дәл соққымен қақпа торын тулатты.

Алайда қонақтар алдымен бір шайба соғып, одан кейін есепті теңестіріп, ойынды овертаймға жеткізді.

Үшінші шайбаны Кёртис Волк пен Джесси Блэкер ұйымдастырды, ал Александр Шаров есепті теңестірді.

Овертаймда «Барыс» жеңіссіз сериясын үзді – 3:2. Шешуші шайбаның авторы Тайс Томпсон болды.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) — «Автомобилист» (Екатеринбург, Ресей) 3:2 ОТ (0:0, 2:1, 0:1, 1:0)

Шайбалар:
1:0 — 23:54 Қайыржан (Логвин, Уиллман)
2:0 - 28:35 Морелли (Веккьоне, Бреус)
2:1 - 31:06 Волк (Да Коста, Блэкер)
2:2 - 40:57 Шаров (Голышев, Юдин)
3:2 - 63:45 Томпсон (Уиллман)

Қақпашылар: Шутов — Аликин

ҚХЛ «Барыс» жанкүйерлеріне арналған жаңа жүйе дайындап жатыр

«Барыстың» бас бапкері ауысады ма? Клуб жауап берді

Қазақстан хоккейінің аңызы «Барыстың» жаңа бас бапкері атануы ықтимал

Хоккей: Қазақстан әйелдер құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или