Софья Самоделкина Жапониядағы Гран-при кезеңіндегі қысқа бағдарламада екінші орын алды
Мәнерлеп сырғанаудан Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан Гран-при кезеңінде әйелдер арасындағы қысқа бағдарлама аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл сайыста Қазақстан атынан Софья Самоделкина өнер көрсетті.
Самоделкина төрешілердің шешімімен 67,75 ұпай алып, аралық есепте екінші орынға жайғасты.
Атақты жапониялық Каори Сакамото көш бастады - 77,05 ұпай. Ал Оңтүстік Корея өкілі Ю Ян 67,66 ұпаймен үшінші орынға жайғасты.
Айта кетейік, еркін бағдарлама 8 қарашада өтеді.
Астанада конькимен жүгіру және шорт-тректен техникалық курстар өтеді
Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Жапонияда өтетін Гран-приде өнер көрсетеді
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының әлемдік рейтингтегі орны жарияланды
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде үшінші орын алды