Футзалдан Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды
6 қараша күні Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің жеребесі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеребе нәтижесі бойынша 1/8 финалдағы қарсылас жұптар және Еуропаның төрт үздік командасы қатысатын мамыр айындағы финалдық кезеңге апаратын толық турнирлік кесте белгілі болды.
1/8 финалда «Семей» командасы Польшаның «Пяст Гливице» клубымен кездеседі. Бұл жұптың жеңімпазы ширек финалда Данияның «Йерринг» және Францияның «Этуаль» клубтарының арасындағы кездесудің мықтысымен ойнайды. «Семей» алғашқы ойынды өз алаңында, ал жауапты матчты сырт алаңда өткізеді.
«Қайрат» 1/8 финалда Бельгияның «Спортинг Андерлехт» клубымен кездеседі. Бұл жұптың жеңімпазы ширек финалда Мальтаның «Люксол Сент-Эндрюс» және Испанияның «Картахена» клубтарының арасындағы жеңімпазбен бақ сынайтын болады. Алматылықтар алғашқы ойынды Бельгияда, ал жауапты ойынды Алматыда өткізеді.
1/8 финалдың алғашқы матчтары 24 қарашада, ал қарымта кездесулері 5 желтоқсанда өтеді.
Жеңімпаз болған сегіз команда екі матчтық ширек финалға жолдама алады. Бұл кезең келесі жылдың 23 ақпанында және 6 наурызында өтеді.
Турнирдің финалдық кезеңі 8 және 10 мамырда Италияның Пезаро қаласында ұйымдастырылады.
Плей-офф кезеңінің жеребесі қашан тартылатыны анықталды
Испанияда жеңілген «Семей» 1/8 финалға жолдама алды
«Қайрат» Чемпиондар лигасында Португалияның ең атақты клубына жол берді