«Барыс» бас бапкер туралы ақпаратқа ресми түсініктеме берді
Астаналық «Барыс» негізгі командада бас бапкердің ауысуы мүмкін деген ақпаратқа ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Клубтың хабарлауынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды:
«Желіде тараған «Барыстың» бас бапкері ауысуы мүмкін деген мәлімет шындыққа сәйкес келмейді. Қазіргі таңда клуб басшылығы өзге мамандармен келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Михаил Кравец бастаған жаттықтырушылар штабы штаттық режимде жұмыс істеп, команданы келесі ойындарға дайындап жатыр», — делінген клуб мәлімдемесінде.
Еске сала кетейік, бұған дейін ресейлік «Чемпионат» басылымы қазақстандық маман Евгений Корешковтың Михаил Кравецтің орнын басуы мүмкін екенін хабарлаған еді.
Қазақстан хоккейінің аңызы «Барыстың» жаңа бас бапкері атануы ықтимал
Хоккей: Қазақстан әйелдер құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды
Қазақстандық хоккейші Канада лигасының матчында голдық пас берді