Қазақстандық спортшы пара нысана көздеуден әлем кубогында жеңімпаз атанды
Пара нысана көздеуден Әлем кубогында қазақстандық Еркін Ғаббасов жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз R1 пневматикалық мылтықпен нысана көздеу дисциплинасында финалдық бәсекеде 250.6 ұпай жинап, жеңіс тұғырына көтерілді.
Екінші орынды Словакия спортшысы Радослав Малиновский 249.8 ұпайымен еншілесі, үшінші орынды 226.9 ұпаймен даниялық мерген Мартин Иоргенсен иеленді.
Бұл Еркін Ғаббасовтың пара оқ атудан Әлем кубогындағы осымен екінші алтын медалі. Бұған дейін 2024 жылы Оңтүстік Корея елінде өткен жарыста R1 дисциплинасында 250.3 ұпаймен жеңімпаз атанған болатын.
Сондай-ақ, жарыста Еркін Ғаббасов пен Ана Довгелевич R10 (мылтық) аралас жұптық дисциплинада, Никита Ермаков пен Севда Алиева P6 (тапанша) аралас жұптық бәсекеде, R1 (мылтық) командалық жарысында сынға түскен Еркін Ғаббасов, Арсен Мұратов пен Рамазан Мұқатаев қола медаль алды.
Айта кетсек, пара нысана көздеуден Әлем кубогы Эль-Айн қаласында (БАӘ) 28 қазан мен 5 қараша аралығында өтіп жатыр. Жарыста 32 елден 202 спортшы өнер көрсетеді.
Қазақстандық команда беделді халқаралық автожарыста екінші орын алды
Семейде дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді
Қазақстандық спортшылар Ислам ынтымақтастығы ойындарында сынға түсті