Әділбек Мусин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының Спортшылар комиссиясының құрамына сайланды
Қазақстандық спортшы, жүзуден ұлттық құраманың өкілі Әділбек Мусин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) Спортшылар комиссиясының құрамына сайланды.
Сайлау Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін Ислам ынтымақтастығы ойындары қарсаңында, қауымдастыққа мүше елдердің ұлттық олимпиадалық комитеттерінің қатысуымен өтті.
Дауыс беруге әр ұлттық комитеттен ұсынылған спортшылар қатысты. Нәтижесінде комиссия құрамына 15 үміткердің ішінен сегізі таңдалды.
Айта кетейік, 2025 жылғы Ислам ынтымақтастығы ойындары 7-21 қараша аралығында өтеді. Қазақстан атынан 100-ден астам спортшы 15 спорт түрі бойынша бақ сынайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или