Криштиану Роналду өзінің мінсіз екенін айтты

Криштиану Роналду өзінің мінсіз екенін айтты

Португалия ұлттық құрамасының капитаны Криштиану Роналду Дэвид Бекхэмнен әдемі екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Әдемілік деген бұл – тек бетің емес, барлығы. Бекхэмнің жүзі әдемі, бірақ қалғаны – қарапайым. Ал мен мінсізбін. 

Егер Бекхэм екеуміз Копакабана жағажайында қатар келе жатсақ, адамдардың бар назары кімге ауар еді? 100% маған», – деді Криштиану Пирс Морганға берген сұхбатында.

Роналду осыған дейін Про-лиганы Примейра мен Бірінші лигадан жоғары қойып, Саудиядан Ла Лигада гол соғу оңайырақ екенін айтқан еді.

Дастан Сәтпаев Қазақстан Премьер-лигасының ең қымбат ойыншысы атанды

Жоао Пауло: «Қайрат» «Интерге» қарсы өте жақсы ойнады»

Аdidas 22 ұлттық құраманың жаңа формасын таныстырды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или