Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеуіне дайындықты бастады
Қазақстан U17 жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемионатының іріктеу кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бауыржан Сағындық бастаған Қазақстан U17 құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Жиын аяқталған соң Хорватияға Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне барады.
Қазақстан U17 құрамасы 8 топта Хорватия, Нидерланд және Албанияға қарсы ойнайды.
17 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының тізімі:
Қақпашылар: Никита Кильджиев («Шахтер»), Батырхан Серікбай («Жас Қыран»), Богдан Воднев («Қайрат»);
Қорғаушылар: Мәрлен Әміренов, Альфир Ханафи, Ислам Рашидов, Ислам Рахым, Мансұр Авасханов (барлығы – «Қайрат»), Жәнібек Жайлаубек, Мейірлан Балтабай (екеуі де – «Шахтер»), Дінмұхаммед Дайрабай, Сәлім Мінжұлын (екеуі де – «Жас Қыран»;
Жартылай қорғаушылар: Әлихан Жұмабек, Дамир Юсупбеков (екеуі де «Қайрат»), Арман Ахмет, Қалқаман Төлеген (екеуі де «Жас Қыран»), Джан Хожаоглу («Сион» Швейцария), Ринат Бейбітов («Ақтөбе»);
Шабуылшылар: Дәулет Орынбасар, Роман Черноморец, Абылай Жылқайдар (барлығы – «Қайрат»), Расул Әкімов, Александр Яковлев (екеуі де – «Шахтер»), Абылайхан Кенжадоев, Әділбек Тұрдах (екеуі де – «Ордабасы»), Расул Досан («Атырау»).
Дастан Сәтпаев Қазақстан Премьер-лигасының ең қымбат ойыншысы атанды