WTA Қорытынды турнирі: Рыбакина - Пегула матчтының тікелей трансляциясы
Қазақстанның ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 6-шы орында) WTA Қорытынды турнирінің жартылай финалында ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалда америкалық Джессика Пегулаға (5-ші орында) қарсы ойнайды. Матч 20:00-де басталады. Тікелей эфир осы сілтеме арқылы қолжетімді болады.
Бұған дейін Рыбакина америкалық Аманда Анисимованы (4-ші орында), поляк Ига Швентекті (2-ші орында) және ресейлік Екатерина Александрованы (10-шы орында) жеңген болатын.
WTA Қорытынды турнирі 8 қарашаға дейін өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 15,5 миллион долларды құрайды. Жекелей сында жеңімпаз 2,54 миллион доллар және 500 рейтингтік ұпай алады.
Елена Рыбакина WTA финалындағы үшінші жеңісі жайлы пікір білдірді
Қазақстандық теннисші Эр-Риядтағы турнирдің жартылай финалына шықты