Өзбекстанның бұрынғы бапкері Қазақстанда бапкер болуға дайын
Өзбекстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Тимур Кападзе бапкерлік карьерасын Қазақстанда жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қазір мен бос жүрмін. Қазақстаннан ұсыныс болған жоқ, бірақ қызықты жоба болса — неге бармасқа? Бұл ұлттық құрама ма, әлде клуб па — айырмашылығы жоқ. Ең бастысы, мақсат пен қызық жоба болуы керек», — деді Кападзе Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында.
43 жастағы Кападзе Фергана қаласында дүниеге келген. Балалық шағында ол Қазақстанның Шымкент, Алматы және Есік қалаларында тұрған, ал 2012–2014 жылдары «Ақтөбе» клубының намысын қорғаған. Кападзенің басшылығымен Өзбекстан құрамасы тарихта алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алған.
Дастан Сәтпаев Қазақстан Премьер-лигасының ең қымбат ойыншысы атанды
Жоао Пауло: «Қайрат» «Интерге» қарсы өте жақсы ойнады»
Аdidas 22 ұлттық құраманың жаңа формасын таныстырды
Хаби Алонсо «Реалға» жаңа шығармашыл жартылай қорғаушы қажет екенін айтты