Астанада конькимен жүгіру және шорт-тректен техникалық курстар өтеді

Астанада конькимен жүгіру және шорт-тректен техникалық курстар өтеді

10-12 қараша аралығында Астанада конькимен жүгіру және шорт-тректен бапкерлер мен төрешілерге арналған техникалық курстар өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараны Қазақстан конькимен жүгірушілер одағы ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің және Olympic Solidarity бағдарламасының қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Бағдарламаға еліміздің түрлі өңірлерінен шамамен 100 қатысушы қатысады. Курстың мақсаты - теориялық білім мен практикалық дағдыларды жетілдіру, мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру және төрешілік пен спортшыларды даярлау ісінде тәжірибе алмасу.

Бағдарламада теориялық дәрістермен қатар мұз айдынында өтетін тәжірибелік сабақтар да бар. Техникалық жаңашылдықтарға, ережелерді түсіндіруге және төреліктің сапасын арттыруға баса назар аударылады.

Халықаралық конькимен жүгіру федерациясы эдьюкейторлар ретінде Ресей мамандарын тағайындады: Александр Кибалко (конькимен жүгіру) және Михаил Соколов (шорт-трек).

Мұндай курстар отандық жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби деңгейін арттыруға, сондай-ақ, қазақстандық конькимен жүгіру спортының кадрлық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

Айта кетейік, бұған дейін де Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Olympic Solidarity бағдарламасының қолдауымен бірнеше білім беру бастамасын жүзеге асырған болатын. Соның ішінде батуттағы гимнастикадан жаттықтырушылар мен төрешілеріне арналған техникалық курстар, сондай-ақ, көркем және спорттық гимнастика бойынша семинарлар бар.

Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Жапонияда өтетін Гран-приде өнер көрсетеді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының әлемдік рейтингтегі орны жарияланды

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде үшінші орын алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или