Бублик теннис аңызынан қолдау алды

Бублик теннис аңызынан қолдау алды

Германиялық теннис аңызы, «Үлкен дулыға» турнирлерінің алты дүркін жеңімпазы Борис Беккер қазақстандық теннисші Александр Бублик келесі жылы ерекше өнерімен таңғалдырады деген сенім білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мец қаласындағы турнирдің екінші айналымында әлемдік рейтингте 222-орында тұрған Виталий Сачкодан күтпеген жерден жеңіліп қалуына қарамастан, Беккер Бубликтің дамуына тәнті екенін жасырмады.

«Бұл Бубликтің карьерасындағы ең мықты маусым», — деп жазды Беккер әлеуметтік желілерде. «Мен 2026 жылы оның әлеуеті одан әрі ашылатынына сенімдімін. Келесі маусымда ол әлемнің үздік он теннисшісінің қатарына енеді деп ойлаймын».

Биыл Александр Бублик тамаша өнер көрсетіп, ATP турнирлерінде төрт титул жеңіп алды.

Фото: Getty Images

Бублик жылдың қорытынды турнирінде қосалқы ойыншы мәртебесін алды

Елена Рыбакина WTA финалындағы үшінші жеңісі жайлы пікір білдірді

Қазақстандық теннисші Эр-Риядтағы турнирдің жартылай финалына шықты

Александр Бублик Франциядағы турнирде жеңіліп қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или