Александр Бублик жылдың қорытынды турнирінде қосалқы ойыншы мәртебесін алды
9 қараша күні Италияның Турин қаласында әлемнің үздік 10 теннисшісі қатысатын маусымның 56-ATP Finals турнирі басталады. Оның екеуі – қосалқы ойыншылар ретінде шақырылғандар, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
ATP рейтингінде №13 орында тұрған Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик турнирдің екінші қосалқы ойыншысы атанды. Ал бірінші қосалқы ойыншының есімі жақын күндері немесе сағаттарда белгілі болады – бұл Грекияның Афина қаласында өтіп жатқан ATP 250 турниріндегі италиялық Лоренцо Музеттидің нәтижесіне байланысты.
Егер қазақстандық спортшы Туринге қосалқы ретінде баруды шешсе, бұл отандық ерлер теннисі тарихындағы маңызды оқиға болмақ.
6 қарашада ATP Finals-2025 жеребесі өтеді. Қазіргі таңда турнирге жолдама алған жеті теннисші белгілі:
Карлос Алькарас (Испания), Янник Синнер (Италия), Александр Зверев (Германия), Новак Джокович (Сербия), Бен Шелтон (АҚШ), Тейлор Фритц (АҚШ) және Алекс Де Минор (Аустралия).
Ал негізгі кезеңнің соңғы жолдамасын екі ойыншы — канадалық Феликс Оже-Альяссим мен жоғарыда аталған Лоренцо Музетти таласып жатыр. Италиялық теннисші Афинадағы турнирде жеңімпаз атанса ғана канадалықты басып оза алады. Қазір ол жарыстың ширек финал сатысында ойнап жатыр.
Егер Музетти титул иегері атанса, онда Альяссим бірінші қосалқы ойыншы болады. Ал келесі үміткер — ұлыбританиялық Джек Дрейпер жарақатына байланысты Туринге барудан бас тартты. Осылайша, рейтингте 11-орында тұрған Бублик Италияға екінші қосалқы ретінде бара алады.
Александрдың негізгі ойыншылардың бірін алмастыру мүмкіндігі жоғары. Мәселен, Новак Джокович те кейінгң сәтте шаршағанына байланысты жарысқа қатысудан бас тартуы ықтимал, өйткені ол да қазір Афинада жарысқа қатысып жатыр.
Сонымен қатар Альяссим мен Музеттидің де Туринге баратына кепілдік жоқ. Сондықтан қазақстандық теннисші топтық кезеңде кем дегенде бір матч өткізуі мүмкін.
Туринде өнер көрсету — тек бедел мен рейтинг ұпайы емес, сонымен қатар жақсы табыс табудың мүмкіндігі. Алдағы турнирде қосалқы ойыншы 155 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады.
Егер Бублик топтық кезеңде бір матч ойнай алса, оның табысы 331 мың долларға жетеді.
Елена Рыбакина WTA финалындағы үшінші жеңісі жайлы пікір білдірді
Қазақстандық теннисші Эр-Риядтағы турнирдің жартылай финалына шықты