Қазақстандық команда беделді халқаралық автожарыста екінші орын алды

Қазақстандық команда беделді халқаралық автожарыста екінші орын алды

Италияның Риччоне қаласында өтіп жатқан Lamborghini Super Trofeo Europe сериясы алтыншы кезеңінің алғашқы жарыс күні өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мисано халықаралық автодромында алаңға шыққан қазақстандық Artline Kazakhstan автоспорт командасы шабандоздары Шота Абхазава мен Егор Оруджев Pro-Am санатында үздік нәтиже көрсетіп, 50 минутқа созылған бәсекеде екінші орын иеленді.

Қазақстандық команда жарыстың 35 минутында көш бастауға мүмкіндігі болған еді. Алайда бұрылыста Оруджев басқарған машина қарсыласпен соқтығысып, жолдан шығып қала жаздады.

Осылайша, қазақстандық команда уақыт жоғалтып алды. Алайда, отандастарымыз ең соңғы сәтке дейін барын салып, мәре сызығын екінші болып кесті.

Lamborghini Super Trofeo — Lamborghini Squadra Corse ұйымдастырған халықаралық автожарыс сериясы. Еуропа, Азия және Солтүстік Америка құрлығындағы турнирде шабандоздар 6 кезеңде 2 жарыс алаңында (50 минут) сынға түсіп, финалдық кезеңді өзара сарапқа салады.

Сонымен қатар бұл автожарыста Huracán Super Trofeo Evo модельдік көліктері қолданылады.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Artline Kazakhstan автоспорт командасы Lamborghini Super

Семейде дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді

Қазақстандық спортшылар Ислам ынтымақтастығы ойындарында сынға түсті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или