Дастан Сәтпаев ҚПЛ-дің ең қымбат ойыншысы атанды

Дастан Сәтпаев ҚПЛ-дің ең қымбат ойыншысы атанды

Еліміз және Қазақстан Премьер-лигасының ең қымбат ойыншысы болып 17 жастағы Дастан Сәтпаев танылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Transfermarkt Қазақстан Премьер-лигасы нарықтық құнын жаңарту жүргізді. Оның қорытындысы бойынша Дастан Сәтпаев Премьер-лиганың ең қымбат ойыншысы мәртебесіне ие болды және Қазақстанның ең қымбат ойыншысы рейтингінде көш басына шықты. Қазір Дастанның трансферлік құны 3 миллион еуроға жетті.

Ендігі кезекте 2026 жылдың тамыз айында Англияның «Челси» клубының толыққанды ойыншысы атанатын «Қайраттың» 17 жастағы таланты рейтинг бойынша Ресей чемпионатының үш өкілі Бахтиёр Зайнутдинов (2,8 млн еуро), Нұралы Әліп (2,5 млн еуро) ижәне Максим Самородовты (2,5 млн евро) артта қалдырып отыр.

Transfermarkt мәліметіне сәйкес Дастан Сәтбаев еліміз, «Қайрат», Қазақстан Премьер-лигасы ең қымбат ойыншысы ретінде алдыңғы орында тұр. Ал бүкіл әлем бойынша 2018 жылғы дүниеге келген футболшылар арасында 15, әлемнің орталық шабуылшылары қатарында 463 орынға табан тіреді.

Жоао Пауло: «Қайрат» «Интерге» қарсы өте жақсы ойнады»

Аdidas 22 ұлттық құраманың жаңа формасын таныстырды

Хаби Алонсо «Реалға» жаңа шығармашыл жартылай қорғаушы қажет екенін айтты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или