Клуб Кравецтің кетуі жайлы ақпаратты ресми түрде теріске шығарды

Клуб Кравецтің кетуі жайлы ақпаратты ресми түрде теріске шығарды

Елордамыздың «Барыс» хоккей клубы бас бапкер Михаил Кравецтің қызметінен кетуі мүмкін деген ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Құрметті әріптестер! Желіде “Барыс” бас бапкерінің ауысуы туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Қазіргі уақытта клуб басшылығы өзге мамандармен келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Михаил Кравец бастаған жаттықтырушылар штабы қалыпты режимде жұмыс істеп, команданы келесі ойындарға дайындауда», – деп мәлім етті клубтың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, соңғы 14 матчтың тек екеуінде ғана жеңіске жеткен «Барыс» 24 ойыннан кейін 19 ұпай жинап, ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында тоғызыншы орында тұр.

Қазақстан хоккейінің аңызы «Барыстың» жаңа бас бапкері атануы ықтимал

Хоккей: Қазақстан әйелдер құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

Қазақстандық хоккейші Канада лигасының матчында голдық пас берді



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или