adidas 2026–2027 жылдарға арналған ұлттық командалардың жаңа жейделерін ұсынды
adidas компаниясы әлеуметтік желілерде 2026 және 2027 жылдарға арналған ұлттық құрамалардың 22 жаңа негізгі формасын таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жаңа үлгілердің ішінде 2026 жылы АҚШ пен Мексикада өтетін әлем чемпионатында елдер киетін жейделер де бар.
Жаңартылған форма жинақтары келесі құрамаларға арналған: Италия, Аргентина, Испания, Германия, Жапония, Бельгия, Перу, Сауд Арабиясы, Алжир, Швеция, Катар, Шотландия, Венесуэла, Венгрия, Солтүстік Ирландия, Коста-Рика, БАӘ, Колумбия, Мексика, Чили, Украина және Уэльс.
Компанияның ресми хабарламасында:
«Таныстыруды қажет етпейтін дроп. 22 жейде. 3 жолақ. Шексіз әдемі ойындар», – деп жазылған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или