«Реал» бапкері Алонсо команда ойынын басқара алатын ойыншы іздеуде

«Реал» бапкері Алонсо команда ойынын басқара алатын ойыншы іздеуде


Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Хаби Алонсо командаға ойын ырғағын ұстап, креативті шешім қабылдай алатын жартылай қорғаушы қажет екенін клуб басшылығына жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz Fichajes.net басылымына сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің мәліметінше, испандық маман бұл рөлге төрт футболшының кандидатурасын ұсынған: Витинья («ПСЖ»), Адам Уортон («Кристал Пэлас»), Энцо Фернандес («Челси») және Алексис Макаллистер («Ливерпуль»).

2025/26 маусымындағы Ла Лига чемпионатында «Реал» Алонсоның басшылығымен 11 турдан кейін 30 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орында келе жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или