«Барыс» бас бапкерін ауыстыруы мүмкін – Корешков кандидатурасы қаралуда
«Чемпионат» порталының мәліметінше, Евгений Корешков «Барыс» клубының бас бапкері Михаил Кравецтің орнын басуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кравец елордалық команданы өткен маусымаралық кезеңде тізгіндеген еді. Ал Корешков 2022 жылдан бастап СКА құрамында жұмыс істеп, 2024/25 маусымы соңында клубтан кеткен. Бұған дейін ол 2019–2022 жылдары ЦСКА-ның бас бапкерінің көмекшісі ретінде екі мәрте Гагарин кубогын жеңіп алған.
Қазір «Барыстың» жағдайы қиын: команда соңғы бес ойында қатарынан жеңілді. Соңғы 14 кездесудің тек екеуінде ғана жеңіс тойлады. 24 матчтан кейін елордалық клуб 19 ұпай жинап, Шығыс конференциясында тоғызыншы орында тұр.
Келесі матчта «Барыс» өз алаңында 7 қараша күні «Автомобилистке» қарсы ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или