Чемпиондар лигасы: «Интер» – «Қайрат» матчының негізгі құрамдары белгілі болды

Чемпиондар лигасы: «Интер» – «Қайрат» матчының негізгі құрамдары белгілі болды

Бүгін, 6 қарашаға қараған түні, Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің төртінші турында қазақстандық «Қайрат» миландық «Интерге» қонаққа барады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын алдында қос команда негізгі құрамын жариялады:

«Қайрат»: Темірлан Анарбеков (В) – Луиш Мата, ​Александр Широбоков, Егор Сорокин, Александр Мрынский – Офри Арад (К), Дамир Қасабулат, Валерий Громыко, Жоржиньо – Дастан Сәтпаев, Эдмилсон;

«Интер»: Ян Соммер (Қ) – Карлос Аугусто, Стефан де Врей, Янн Биссек – Дензел Думфрис, Давиде Фраттези, Николо Барелла, Петр Зелиньски, Федерико Димарко – Лаутаро Мартинес (К), Пью Эспозито;

Миландағы Джузеппе Меацца атындағы стадионда өтетін кездесу сағат 01:00-де басталады.

Айтулы матчты «Qazaqstan» телеарнасынан көруге болады.

Қазіргі уақытта қазақстандық команда турнир кестесінде 34-орында тұр. «Қайрат» алғашқы үш ойында бір ғана ұпай жинады. Алматылықтар грекиялық «Пафоспен» тең түскен еді.

Ал миландық «Интер» басты еуропалық турнирдің алғашқы үш турында 9 ұпай жинады. Алдыңғы ойында команда «Юнион Сент-Жиллуаны» 0:4 есебімен жеңген болатын.

Чемпиондар лигасындағы «Интер» — «Қайрат» матчының тікелей трансляциясы

Италиялық бапкер «Интер» – «Қайрат» матчы туралы пікір білдірді

«Интер» «Қайратқа» қарсы ойын алдында қазақ тілінде жазба жариялады (видео)


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или