ҚХЛ: «Барыс» қатарынан бесінші рет жеңіліске ұшырады

ҚХЛ: «Барыс» қатарынан бесінші рет жеңіліске ұшырады

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 5 қарашада Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қарсыласы Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасы болды. Астанада өткен матчта қонақтар алғашқы минуттан ойынды сәтті бастап, басымдықты өз қолына алды. Уфа командасы бірінші және екінші кезеңдерде бір шайбадан соғып, жағдайларын жақсартып алды. Осыдан кейін қорғаныста қырағы бола білді. 

Үшінші кезеңнің орта тұсында алаң иелері бір шайба қайтарып, кездесуге интрига оралғандай болды. Бірақ, одан басқа шайба соғуға Михаил Кравец командасының шамасы жетпеді. Осылайша «Салават Юлаев» Астанада жеңіске жетіп, «Барыс» қатарынан бесінші рет жеңіліске ұшырады.

Хоккей. ҚХЛ

«Барыс» - «Салават Юлаев» - 1:2
Шайбалар: Қайыржан (Томпсон), 42:20 – Броссо (Кулик + Калинюк), 19:24, Жаровский (Горшков + Сучков), 29:04.

Осы кездесуден кейін «Барыс» Шығыс Конференциясында 19 ұпаймен 9-орынға жайғасты, ал «Салават Юлаев» 20 ұпаймен 8-орында келеді.

Айта кетейік, қазақстандық клуб алдағы екі ойынын тағы да елордада өткізеді. Алдымен 7 қарашада Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) командасын қабылдаса, одан кейін 9 қарашада «Металлург» (Магнитогорск) клубымен шеберлік байқасады.

«Барыс» ҚХЛ-да қатарынан төртінші матчта жеңіліп қалды

«Барыс» командасы қазақстандық шабуылшымен қоштасты

Хоккей: Қазақстан әйелдер құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

Қазақстан жолдастық матчта Қытайдан жеңіліп қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или