Қазақстандық спортшы Абай облысында болған жол-көлік оқиғасында қаза болды
Абай облысында болған жол-көлік оқиғасында Қазақстан құрамасының аралас жекпе-жек спортшысы және Азия чемпионы, 19 жастағы Нұрмағамбет Тұрарбеков қаза болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оқиға спортшылар Астанада өткен Азия чемпионатынан оралған сәтте болған. Команда жарыстан кейін Семейге қайтып бара жатқан.
Нұрмағамбет Тұрарбеков білім алатын университеттің баспасөз қызметі қайғылы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады:
«Заң факультетінің студенттері Тұрарбеков Нұрмағамбет Бауыржанұлы, Оңдабай Рефхат Серікжанұлы және Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің студенті Әбдімәліков Рустамбек Нурмуродұлының ата-аналарына, туған-туыстарына және жақындарына көңіл айтамыз»,- деп жариялады университет.
Alikhan Bokeikhan University проректоры Азамат Азатовтың мәлімдеуінше, студенттер жарысқа университеттің ресми шақыруымен барған.
Еске салсақ, Абай облысындағы тасжолда жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, 3 адам көз жұмды.
Алматыдағы ММА турнирінде ауыр нокаут тіркелді
OCTAGON 80 турнирінде қанды чемпиондық жекпе-жек өтті
Жеңілмеген қазақстандық OCTAGON 80-де сенімді жекпе-жек өткізді