WTA финалдық турнирі: Рыбакина топтағы барлық матчын жеңіспен аяқтады

WTA финалдық турнирі: Рыбакина топтағы барлық матчын жеңіспен аяқтады

Сауд Арабиясының астанасында Әйелдер теннисі ассоциациясының финалдық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бүгін топтық кезеңнің үшінші турында америкалық Мэдисон Кизді алмастырған ресейлік Екатерина Александровамен кездесті.

Топтық кезеңнің соңғы кездесуінде қазақстандық спортшы (WTA №6) Екатерина Александрованы (WTA №10) 2:0 (6:4, 6:4) есебімен жеңді.

Осылайша, Елена Рыбакина топтық кезеңдегі үш ойынды да жеңіспен аяқтады – бұған дейін Аманда Анисимова мен Ига Швентекті жеңген болатын. Олар кешкі сессияда ойнап, плей-оффқа екінші жолдама иегерін анықтайтын болады.

Енді қазақстандық теннисші келесі қарсыласын білу үшін екінші топтағы кездесулердің шешімін күтеді – соңғы тур 6 қарашада өтеді. Ол топта екінші орын алған теннисші Рыбакинаның қарсыласы атанады.

Рыбакина WTA финалдық турнирінің жартылай финалына шықты

Елена Рыбакинаның қанша пайда тапқаны белгілі болды

Қазақстандық теннисшілер WTA рейтингінде көтерілді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или