«Қайрат» бапкері «Интерге» қарсы ойын туралы пікір білдірді
«Қайрат» командасының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Миланның «Интеріне» қарсы матч алдында өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
— «Сан-Сиро» — аңызға айналған арена. Сегіз жыл бұрын мен мұнда ұлдарыммен және академияның тәрбиеленушілерімен келгенмін. Миланда көптеген отандастарымызды көру – қуанышты жағдай. Біз қарсыластарымыздың мықтылығын да, «Интер» жанкүйерлерінің жалынды қолдауын да жақсы білеміз. Мұнда осындай командаға қарсы ойнаймын деп ешқашан ойламаппын. Бұл — ауыр сынақ болмақ және барынша жинақы ойын көрсету қажет, — деп жазды бапкердің сөзін uefa.com сайты.
Алматылық клубтың қорғаушысы Егор Сорокин де бапкер пікіріне қосылды.
— Бұл қиын матч болады, бізге бар күшімізді салуға тура келеді. Сабыр сақтап, ойынды бақылауда ұстай білуіміз керек. Бірақ «Интердің» шабуылшылары да мен сияқты адамдар, әрі қорғаныста мен жалғыз емеспін, — деді ол.
Өз кезегінде «Интердің» бас бапкері Кристиан Киву командасы бұл ойынға тыңғылықты дайындалып жатқандарын атап өтті
— Бұл — Чемпиондар лигасы және бұл матчқа да басқа ойындар секілді асқан жауапкершілікпен, толық дайындалу қажет. Біз ең жақсы футболымызды көрсетуіміз керек, — деді ол.
Миландық клубтың қорғаушысы Карлос Аугусто Чемпиондар лигасында тек жеңіс емес, доп айырмасына мән беру де маңызды екенін айтты.
— Ойын оңай болмайды, бірақ біз өз алаңымызда болғандықтан басымдығымыз бар. Олар мұнда келіп, жақсы ойын көрсетуге тырысады, ал біз үш ұпай алу үшін барымызды салып, өз ойынымызға назар аударуымыз керек, — деді ол.
Еске салайық, бұған дейін «Қайрат» өз алаңында «Пафоспен» тең ойнады.
Оның алдында алматылық команда өз алаңында мадридтік «Реалдан» ірі есеппен жеңілді.
Сондай-ақ «Қайрат» алғашқы кездесуінде «Спортингке» есе жіберді.
«Интер» «Қайратқа» қарсы ойын алдында қазақ тілінде жазба жариялады (видео)
Шотландияның «Хартс» клубы Ислам Чесноковтың трансферіне сенімді
Италиялық бапкер «Интер» – «Қайрат» матчы туралы пікір білдірді